Мемлекетті басқарудың жаңа типі

«А» басқарушылар корпусына үміткерлермен әңгімелесу Ақ Ордада өтеді - Ғ.Әбдрахымов

Республикамызда мемлекеттік қызметкерлердің «А» қалыптасқан басқару корпусына үміткерлер әңгімелесуді Ақ Ордада өтеді, деп хабарлады бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ғабидолла Әбдрахымов.
Казахстан03 Сәуір , 00:00


«Мемлекеттік қызметкерлердің «А» қалыптасқан басқару корпусына үміткерлер әңгімелесуді Ақ Ордада өтеді»,- деді Ғ.Әбдрахымов.
Сонымен қатар, ол әңгімелесу әр мемлекеттік қызметкермен жеке өтетінін атап кетті. 
Қазіргі уақытта Мемлекеттік қызметкерлердің басқару корпусын қалыптастыру мақсатында Кадрлық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрылып, өз жұмысын бастады. Кеше комиссияның алғашқы отырысы өтті.

Комиссия құрамына ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ғ.Әбдрахымов, Премьер-Министрдің орынбасары Е.Орынбаев, Парламент Сенаты төрағасының орынбасары А.Судьин, Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары С.Дьяченко, сонымен қатар ҚР Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік төрағасы Ә.Бәйменов, Әділет министрі Б.Имашев, Премьер-Министр кеңсесінің басшысы Е.Қошанов, Президент кеңесшісі - Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Г.Әбдіқалықова кірді.

Бүгінде «А» корпусына әлеуетті үміткерлерден өтінімдер қабылдау басталды, ол жарияланған сәттен бастап 1 ай жалғасады. Содан соң ізденіскерлердің жеке істері комиссиямен қаралады. Сосын комиссияның шешімдері, өз алдына сәйкес мемлекеттік органдарға, ұйымдарға бағытталады және комиссияның міндетті қарауына жатады.
 




Яндекс.Метрика