Өңірлер

«Мәнгілік Ел» - 2050 Стратегиясының басты мұраты» - М. Бекжанов

«Мәнгілік Ел» - 2050 Стратегиясының басты мұраты», деп «СКЗ-U» ЖШС Бас директоры Мәдихан Бекжанов мәлімдеді.
Қызылорда26 Ақпан , 15:15

« Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы еліміздің жарқын болашағының  алғышарты, ұзақ мерзімге арналған бағдаршамы. Жолдауда еліміздің жарқын болашағы мен оның әлемдік аренадан ойып орын алу бағдарламасы айқын көрсетілген. «Қазақстан-2050» Стратегиясы барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғырту жолы. Ол елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз саналатын, сынала жүріп тыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз  орындап, мүдірмей өту-ортақ парыз, абыройлы міндеті деп бізге айқын бағдар берді», - деді М. Бекжанов.

Оның айтуынша,  кәсіпорын қызметкерлері Елбасымыздың бұл жолдауын зор қанағаттанарлық сезімде қабылдағандықтарын жеткізді. Жылына 500 мың тонна күкірт қышқылын шығаратын зауыт өнімінің Атом өнеркәсібін дамытуға қосатын үлесінің зор екенін жақсы түсінеді.

«Оны келешекте толық меңгеруге күкірт қышқыл зауытының мүмкіндігі жетеді. Мұның үстіне біз  облысқа 12мВт көлемінде электр энергиясын  беретін боламыз. Бұл облыс көлемінде энергия бағасының төмендеуіне бірден бір көздік болары сөзсіз.   Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Мемлекетіміз бен қоғамымыз алдында тұрған әлемнің дамыған 30 елдің қатарына қосылу жолындағы нақты міндет осындай» деген сөзін басшылыққа ала отырып жүзеге асыратын боламыз», - деді М. Бекжаов.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика