Парламент

Н.Нығматулин: Ең төменгі жалақыны дифференцияланған әдіспен бекіту керек

Мәжілістің пленарлы отырысындағы «Ең төменгі жалақы көрсеткішін бекіту процедурасын құру туралы конвенцияны (Конвенция 26) ратификациялау туралы» заң жобасын қарау барысында төменгі палата төрағасы Нұрлан Нығматулин ең төменгі жалақы деңгейін дифференцияланған әдіспен бекіту керектігі жайлы ұсынысын айтып, әсіресе бұның ерекше еңбек жағдайына ие кәсіптерге қатысты екенін алға тартты.
Астана қаласы26 Ақпан , 15:01

«Біз тиісті заңнамалық актілермен қаратырылатын депутаттар тарапынан қолға алынған ең төменгі әлеуметтік талаптар туралы заң жобасын қарағанда, бәлкім, біздің бүгін айтқан мәселелер: ең төменгі талаптар, ең төменгі айлық жалақыны бекіту туралы, әсіресе ерекше еңбек жағдайына ие кәсіптердің ең төменгі жалақысын да қарауымыз керек болады. Бұл дегеніңіз біздің азаматтар өмірін және еңбек шартын құратын әлеуметтік негіз болып табылады», - деді төраға.

Талқылау қорытындысы бойынша палата «Ең төменгі жалақы көрсеткішін бекіту процедурасын құру туралы конвенцияны (Конвенция 26) ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

1 Конвенция тармағына сай, осы конвенцияны ратификациялаған ұйымның әрбір мүшесі процедураны сақтауға немесе енгізуге міндеттеледі. Осы арқылы айлық жалақысы ең төменгі көрсеткішке ие ұжымдық келісім арқылы айлық жалақысын тиімді реттеу процедурасы жоқ өнеркәсіп секторлары (соның ішінде үй өнеркәсібі) немесе белгілі бір салаларда жұмыс істейтін еңбеккерлердің ең төменгі айлық жалақы төлемін орнату болады.

 

 




Яндекс.Метрика