Ұлтаралық бірлік

А. Перуашев: Мемлекеттің атауы ұлттың атымен аталуы әділетті

Мемлекет атауының өзінде тұрып жатқан халқының атына қайта оралу фактісі әділетті болар еді, деп ҚР Праламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев «Strategy2050.kz» АА тілшісіне берген сұхбатында ағынан жарылды.
Казахстан26 Ақпан , 14:30

«Маған атын өзгерту ұсынысы ұнайды, өйткені ол әділеттікті орнату. Тіпті, кеңес заманында да Қазақстан - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы  деп аталған болатын.  Менің ойынша «Қазақстан» мен «Қазақ Елі» атауларын бір-біріне қарама-қайшы қоюға болмайды. Егер, осы мемлекетте атау берген халқының атын мемлекетке беретін болсақ онда ол әділетті болар еді», - деп есептейді А. Перуашев.

Депутаттың пайымынша, тәуелсіздік алу жолында тағдыр теперінішінің талайын көрген қазақ халқы үшін мемлекет атауын Қазақ Елі деп өзгерту дұрыс шешім болар еді және бұл қолдауға лайықты.

«Бұл дегеніңіз Қазақстан деген атауға тыйым салу емес. Біз Қазақ елі және Қазақстан деп бірге атай берсек болады. Мысалы Ресей Федерациясы және Россия», - деп А. Перуашев түсіндіріп өтті.




Яндекс.Метрика