Парламент

Мәжіліс «Жалақыны қорғау туралы Конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР заң жобасы мен ең төменгі жалақыны орнату рәсімі туралы Тұжырымдаманың ратификациясын мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен төменгі палатаның пленарлы отырысында депутаттар «Жалақыны қорғау туралы Конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР заң жобасы мен ең төменгі жалақыны орнату процедурасы туралы Тұжырымдаманың ратификациясын мақұлдады.
Астана қаласы26 Ақпан , 13:30

«Аталмыш нормалар қатысушы елдердің міндеттемелері немесе еңбек жалақысын тиімді реттеу процедурасы арқылы және ұжымдық келісім шарты орнатылмаған өнеркәсіп секторлары мен салаларындағы ең төменгі айлық жалақы көрсеткішін қою процедурасын сақтауға мүмкіндік береді», - деді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Аталмыш тұжырымдаманы ратификациялаған тарап қызығушылық танытқан кәсіпкерлердің немесе еңбеккерлердің ең төменгі айлық жалақы турасында хабардар болып, тиісінше ең төменгі айлық жалақының нормадан төмен болмауы үшін бақылау және санкция жүйесі түріндегі қажетті шараларды қабылдайды.  

«Ең төменгі айлық жалақыны қою мен төлеу ҚР Конституциясы тарапынан бекітілген маңызды әлеуметтік кепілге жатады. ҚР Еңбек кодексіне сай, ең төменгі айлық жалақы көрсеткіші Республикалық бюджет туралы ҚР Заңына сай жыл сайын көтеріліп отырады және ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болмауы тиіс», - деді министр.

ҚР Еңбек кодексімен сәйкес «Жалақыны қорғау бойынша Конвенцияны ратификациялау» туралы ҚР заң жобасы бойынша Қазақстандағы ақшалай түрде төленетін жалақы ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушінің актілерімен белгіленеді. 

Сонымен қатар, Т. Дүйсенованың айтуынша, жалақыны төлеу шарттары мемлекеттік кепілдемелерді қамтамасыз ету керек. 

Сонымен, Конвенцияның 3 бабына сәйкес ақшалай жалақы мемлекеттік айналымда жүрген заңды валюта түрінде ғана төленеді Ал, қолхат, купон немесе басқа үлгіде борышкерлік міндеттемелерді заңды валютада өтеуге тыйым салынған.




Дерекнама

Яндекс.Метрика