2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

«Қазақстан-2050» қозғалысының өкілдері Петропавлға барды

«Қазақстан-2050» жалпыхалықтық қозғалысы жетекшілері солтүстіқазақстандықтармен кездесті.
Солтүстік Қазақстан26 Ақпан , 12:30

Кездесуге кәсіпкерлік өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері қатысты. Облыстық ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, жиналғандар «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру мен «Мәңгілік Ел» патриоттық актін дайындау мәселелері талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, өңірлерді аралаған қозғалыс өкілдері бірқатар мәселердің түйінін тарқата жүрді. Атап айтар болсақ халықпен бетпе бет кездесіп күн тәртібіндегі мәселелерді сұрап, ашық пікірсайыстар ұйымдастырып, халыққа Стратегияның мәнін түсіндірді. Қозғалыс көшбасшыларының айтуынша, бұл сапарлар «Мәңгілік Ел» патриоттық акті туралы халықтың шын пікірін білуге мүмкіндік береді.

Жоба шынымен де теңдессіз. Солтүстік қазақстандықтардың айтуынша, оны іске асыру әр азаматтың міндеті. Кездесу барысында жалпыхалықтық қозғалыс өкілдерінің айтқан ұсыныстарын толықтай қолдайтындықтарын айтты.

Айта кету керек, Солтүстік Қазақстан облысы Қозғалыс жетекшілерінің төртінші болып ат басын тіреген өңір. Дайындалып жатқан акт бойынша ұсыныстар Қарағанды, Қостанай мен Ақмола облысы тұрғындарының алдынан өтті. Енді аталмыш топ Өскеменге ат басын бұрмақ. Наурыз айының соңына дейін белсенділер барлық өңірде осындай кездесу ұйымдастырмақ.




Дерекнама

Яндекс.Метрика