Инновациялар

М. Жолдасов: 2014 жылы Ақтауда «Самұрық-Қазына» ЖМҚ «жасыл» технологияларды қолданатын Каспий жобасын жүзеге асырады

«Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ 2014 жылы Ақтауда «Самұрық-Қазына» ЖМҚ «жасыл» технологияларды қолданатын Каспий жобасын жүзеге асыруды жоспарлауда, бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Мұқан Жолдасов мәлімдеді.
Астана қаласы 26 Ақпан, 12:12

«Ағымдағы жылы «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Ақтау қаласында Каспий жобасын жүзеге асыруды жоспарлауда. Онда кешенді тұрғын үй және әкімшілік мекемелер, демалу орындары, әлеуметтік-мәдени орындарда инновациялық  «жасыл» технологиялар қолданылады», - деді М. Жолдасов.

Оның айтуынша, аталмыш жобаның туындауы Капий өңірінде алдыңғы қатарлы технологиялардың интеграцияланған көпфункциялы орталығын құру бойынша «Каспий энергетикалық хабы» жобасының тарихымен байланысты.

Сонымен қатар, жылжымайтын мүлік қоры биыл алғаш рет алдыңғы қатарлы экологиялық және энерготиімді технологияларды қолдану арқылы Астанадағы «Жасыл орам» әкімшілік-тұрғын үй кешіні құрылысы жобасын іске асыру арқылы «жасыл» технологияны дамытуға қатысады және аталмыш жоба «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізуде де таныстырылады.

«Осы теңдессіз жоба негізінде жылжымайтын мүлік қоры тұрғын үй құрылысында «жасыл» инновациялық шешімдерді енгізу мәселесінде жұмыс нәтижелігі мен қамтуын жетілдіреді. Тұжырымдама Қазақстанда алғаш рет LEED - Leadership in Energy and Environmental Design халықаралық стандарты бойынша сертификатталатын алдыңғы қатарлы алдыңғы қатарлы энерготиімді және экологиялық қолдануға жағдай жасайды», - дейді М.Жолдасов.

Оның айтуынша, нысан аумағында тұрғын үй, кеңсе ғимаратары, қонақ үй мен әлеуметтік-мәдени нысандары салынады. Алдын ала болжау бойынша, құрылыстың жалпы аумағы 200 мың шаршы метрді құрайды.





Дерекнама

Яндекс.Метрика