Басқару

Мәжіліс азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Вьетнаммен Келісімді ратификациялау жобасын мақұлдады

ҚР Парламент Мәжілісі «Азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы Келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
Астана қаласы26 Ақпан , 12:00

«Келісімнің түзілу мақсаты суверинтетті сыйластық пен байланыс ұстанымы негізіндегі екі мемлекеттің азаматтарының азаматтық істері бойынша құқықтық көмек көрсету болып табылады. Тараптардың азаматтары мен заңды тұлғалары екінші жақтың да азаматтары секілді өзге елде мүліктің және жеке құқықты қорғау құқы келісім қолданатын болады», - дейді Әділет министрі Берік Имашев.

Ведомствоның хабарлауынша, келісім құқықтық көмек көрсету тәртібі мен шарты, сонымен қатар оны беру мүмкіндігін алып тастау міндеттемелері арқылы реттеледі.

«Келісім арқылы тараптардың қылмыстық қудалау немесе ағымдағы іздестіруге кедергісін келтіретін өтініштерді орындауды қажет деп тапқан жағдайда өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтінішті орындауды кейінге қалдыра алады», - дейді министр.

Сонымен қатар, негізгі ұлттық заңнама ұстанымдарына немесе қоғамдық тәртіпке, қауіпсіздікке, суверенитке зиянын тигізетін өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтінішті орындау деп тапса немесе сұралып жатқан көмек құзіретті органдардың міндетіне сай болмаса тараптар өзара көмек көрсетуден бас тарта алады. Осы орайда тараптар 30 күн ішінде біріне бірі бас тарту себептерін ескертулері керек.

Осылайша келісім бір мемлекет азаматының екінші мемлекеттің аумағында болғанда құқықтық көмек көрсету процедурасын айтарлықтай оңайлата түседі.  




Яндекс.Метрика