Өңірлер

СҚО-да 2013 жылы ШОБ өнімінің көлемі 294 млрд теңгені құрады

2013 жылы шағын және орта кәсіпкерлік өнімінің көлемі 3,5 пайызға өсіп, 294 млрд теңгені құрады.
Солтүстік Қазақстан26 Ақпан , 11:58

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, шағын және орта кәсіпкерлікте 103 мың адам қызмет етеді. Өткен жылы шағын және орта бизнестің қызметтегі субъектілерінде 7,5 мың жұмыс орны ашылған болатын.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта бизнеске ерекше көңіл бөлді, ол оны XXI ғасырдағы Қазақстанның әлеуметтік және индустриялды инновациялық дамуының басты негізі болатындығын атап өткен болатын. Мемлекеттік қодаудың тұрақтылығының арқасында  аймақ экономикасы қолдану секторының ажырамас бөлігіне айналды», - деді Самат Ескендіров.

Айта кетерлігі, шағын және орта бизнес субъектісі саны мен нарықта белсенді жұмыс атқаратындардың саны 5,9 пайызға өсіп, 25,2 мың бірлікті құрады.

Жалпы, ШОБ-тен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер 2013 жылы 34 млрд теңгені құрады, ол салықтың 62 пайызын құрайды.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика