ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

«Қазақша Википедиа» - бұл мыңдаған редакторлардың еңбегі – сарапшы

«Қазақша Википедиа» - бұл өз еркімен жұмыс істеген мыңдаған редакторлардың еңбегі, деді «WikiBilim» қорының бастығы Рауан Кенжеханұлы.
Астана қаласы21 Желтоксан , 00:00

Жоба 2011 жылғы маусымда іске қосылды. «Викимания» (Wikimania-2011) халықаралық конференциясының қорытындылары бойынша, «Қазақша Википедиа» жобасы Жыл википедиасы атанды. «WikiBilim» қорының бастығы Р.Кенжеханұлының айтуынша, бұндай жетістікке жету оңайға түскен жоқ.

«Бұл жетістік көптеген факторлардан құралды. Бұл мыңдаған өз еркімен жұмыс істеген редакторлардың еңбегі, демеушілердің көмегі, халықаралық вики-бірлестіктің қолдауы, біздің мәдениет және білім министрліктерінің қатысуы, Қазақстан ұлттық энциклопедиясы редакциясының көмегі, еліміздің ЖОО-ның қолдауы. Менің ойымша, осы ресурстардың барлығының бірігуі жетістік негізін құрады», - деп ойын қорытындылады Р.Кенжеханұлы.

Еске сала кетсек, «Қазақша Википедиа» Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімовтың бастамасымен жүзеге асуда.

Жоба 2011 жылғы маусымда іске қосылды. «Викимания» (Wikimania-2011) халықаралық конференциясының қорытындылары бойынша, «Қазақша Википедиа» Жыл википедиасы аталды.

Аталмыш жобаның мақсаты ғаламдық Википедиа энциклопедиясының қазақ тілді бөлігін дамыту болып табылады. Энциклопедия мақалаларын редакторлар ретінде қызмет ететін интернет пайдаланушылар жазады.




Дерекнама

Яндекс.Метрика