Парламент

ҚР Парламентінің Мәжілісі 10 заң жобасын қарап, мақұлдады

Бүгін ҚР Парламентінің Мәжілісі спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның пленарлы отырысында төменгі палата бірқатар заңнаманы қарастырып, мақұлдады.
Астана қаласы26 Ақпан , 11:35

Атап айтар болсақ, сот-құқықтық заңнама реформасы комитетінде «Жеке детективті қызмет туралы» ҚР заң жобасы қаралып жатыр.

«Заң жобасының мақсаты өздерінің заңды мүдделерін қорғау бойынша азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған ҚР-дағы жеке детективті қызмет институтының құқықтық негізін құру болып табылады.  Заң жобасын қарау барысында депутаттар тарапынан алдағы уақытта да жетілдіруді талап ететін концептуалды өзгерістер енгізу ұсынылды. Депутаттар жеке детективті қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптарды реттейтін нормалар бойынша жеке детективтің құзіретін кеңейту бойынша заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынды», - дейді комитет төрағасы Рахмет Мукашев.

Мәжілістегі отырыс барысында «Жеке детективті қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын дайындау мерзімі бекітілді.

Сонымен қатар пленарлы отырыста «2008 жылғы 12 желтоқсандағы тарифтік жеңілдікті қабылдау механизмі мен шарттары туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қабылданды.

Хаттамамен енгізілген түзетулер Кедендік одаққа мүше мемлекеттер арасындағы ауыл шаруашылық тауарлардың жекелеген түрлеріне тарифтік жеңілдік көлемін анықтауда халықаралық әріптестік аясында реттеуге мүмкіндік береді, деді ҚР Парламент Мәжілісінің Халықаралық байланыс, қорғаныс пен қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев.

«Аталмыш хаттаманың мақсаты – Еуразиялық экономикалық комиссия келісімі нормаларымен сай жеңілдікті қабылдау механизмінің жетістігі туралы келісім нормасын қабылдау болып табылады», - деді комитет төрағасы.

Сонымен қатар, Мәжіліс «Екінші деңгейлі банктерді қайта құру бойынша ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға енгізілген түзетулерді мақұлдады.




Дерекнама

Яндекс.Метрика