Өңірлер

ҚР ИЖТМ 2015 - 2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациалық даму бағдарламасының басты индикаторларын атады

ҚР ИЖТМ Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры Берік Бекенов «Strategy2050.kz» АА тілшісіне берген экслюзивті сұхбатында 2015 - 2019 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациалық даму бағдарламасының жаңа тұжырымдамасының басты индикаторларын атап берді.
Астана қаласы 26 Ақпан, 11:29

«2014 жылдың қаңтар айындағы «Қазақстан жолы - 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында Мемлекет басшысы екінші индустриалды-инновациалық даму бесжылдығы аясында инновациялық индустрилизация трендін күшейту керек деп нақты тапсырма берді. 2014 жыл мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациалық даму бағдарламасының 2010-2014 жылдарға арналған кезеңінің соңғы қорытынды жылы. Көбіне бірінші бесжылдық екінші бесжылдықты жасақтаудың негізі болды», - деп  Б. Бекенов атап өтті.

Барлықтарыңызға белгілі болғандай, бүгінде Үкіметтің қаулысымен 2015-2019 жылдарға арналған  индустриалды-инновациалық даму тұжырымдамасы қабылданды. 

 «Басты индикаторларды анықталды - олар өңдеу өнеркәсібі саласында жалпы қосымша құнды  1, 6 есе, еңбек өнімділігін  1,4 есе өсіру және шикізіт емес экспортты арттыру болып табылады», - деді Б. Бекенов.

Сонымен оның айтуынша, аталмыш тұжырымдама аясында санаулы басымдық берілетін салалар белгіленді, олар: металлургиялық сектор, мұнай өңдеу, химия, мұнай химиясы, машинақұрылысы, құрылыс материалдарын өндіру, тамақ өнеркәсібі.

«Бұл салалардың барлығы кластерлі ұсыныстар аясында дамитын болады.

Тұжырымдама шеңберінде 3 кластерді дамыту көзделген. Олар: ұлттық, аумақтық және инновациалық кластерлер болып табылады. Қазіргі таңда екінші бесжылдықты жасақтауды дер кезінде аяқтау үшін Үкімет қаулысымен Премьер-Министрдің төрағалығымен Өндірістік даму комиссиясы құрылды. Бұл коммисияға салалар бойынша 16 жұмыс тобы кірді. Олардың құрамына қызығушылық танытып отырған мемлекеттік органдар, әкімдіктердің, институттардың, ұлттық холдинг пен ұлттық палатаның  өкілдері кірді», - деп Б. Бекенов баа айтты.





Яндекс.Метрика