Парламент

ҚР Парламентінің Мәжілісі екінші деңгейлі банктерді қайта құру мәселесі бойынша түзетулерді мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның пленарлық отырысында «Екінші деңгейлі банктерді қайта құру бойынша ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға түзетулер енгізілді.
Астана қаласы26 Ақпан , 11:13

Айта кетейік, 2013 жылдың 25 желтоқсанында Мәжіліс «Екінші деңгейлі банктерді қайта құру бойынша ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды мақұлдап Сенаттың қарауына жіберген болатын.

Биылғы жылдың 20 ақпанында заң жобасы пленарлы отырыста қаралған.

Сонымен ҚР Парламенті Сенаты аталмыш заң жобасына 7 түзету енгізді. Соның ішінде 3 түзету сатып алушы қайта құрылған банктің 50 пайыздан акцияға иелік ете отырып 50 пайыздан астам акцияға дауыс бере алу жағдайына қатысты.

Сонымен қатар, БАҚ жариялау арқылы өз депозиттері, тұтынушылары мен борышкерлердің барлық өзгерістері туралы ақпараттандыру туралы өзгерістер де мақұлданды.

Тағы 2 түзету редакциялық нақтылауға бағытталса, 1 түзету «Қазақстанның даму банкі туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізуге байланысты.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш заң заңнамалық актілер тарапынан қабылданған ерекшеліктерге сай бірігу формасында банктердің қайта құруын жүргізуге, заңда қарастырылған бірігу формасы жағдайындағы қайта құрылымдалған банктерді қайта құру арқылы тәртіпті қалыптастыруға мүмкіндік береді.  

Жалпы, заң банктердің тиімді қайта құруылуына жағдай жасап, қаржы секторныңы сауығуына қолайлы жағдай қалыптастырады.




Яндекс.Метрика