Өңірлер

СҚО-да 2014 жылы халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 3 млрд теңге бөлінді

Солтүстік Қазақстан облысында «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 2014 жылы 3 млрд теңге бөлінді.
Солтүстік Қазақстан26 Ақпан , 10:20

Облыстың ішкі саясат басқармасында хабарлағандай, СҚО-да бағдарламаны жүзеге асыру үшін 516 км жүйе жасалған, бұл жоспарланған жұмыстың 40 пайызы. Соколов су құбырының құрылысы  аяқталуға  жақын. Ағымдағы жылы оның аяқталуына 1 млрд 668 млн теңге жұмысау көзделген. 2014 жылы оған тағы 4 ауыл қосылады.

Сонымен қатар, биыл Булаев топ су құбыры құрылысының үшінші кезегі аяқталады. Қазірдің өзінде оған облыстың 40 ауылы қосылған.

Бұдан бөлек Пресновский су құбырының құрылысы мен қалпына келтіру жұмыстарына 2 млрд теңге бөлінеді. Наурыз айында жұмысты атқаратын компанияны іріктеу мақсатымен тендер өткізіледі. Құрылыстың аяқталғанынан кейін Солтүстік Қазақстан облысының Есіл, Жамбыл мен Мәмлүт аудандарының тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізбек.




Яндекс.Метрика