Өңірлер

Біздің қазіргі басты міндетіміз –асыл мұраларымызды ұмытпай сақтап, келесі ұрпаққа жеткізу – Ә. Айтмұхамбетова

Біздің қазіргі басты міндетіміз –асыл мұраларымызды ұмытпай сақтап, келесі ұрпаққа жеткізу, деді Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Әнел Айтмұхамбетова Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.
Астана қаласы 26 Ақпан, 10:07

« «Мәңгілік Ел» деген тіркесті алып қарайтын болсақ, өте терең мағынасы бар екенін біле аламыз. Мен бұл тіркесті естігенде ойыма бірден Қазақ елі түседі. Менің пікірімше, «Мәңгілік ел» – ол халыққа әрдайым елін, жерін, тілін, өзінің басты құндылықтарын, салт-дәстүрлерін, бойынша тән қасиеттерін ұмытпай сақтайтын ел», - деді Әнел Айтмұхамбетова.

Сондай-ақ, аталмыш түсінік ұғымына  қазақ тілінің   тазалығы мен көркемдігі, бойындағы қасиеттерге лайық, жер  сұлулығын бағалау және жан-жақты дамуы  да кіретіндігін атап өтті,ол.

«Біз Қазақстанның болашағымыз. Біздің қазіргі басты міндетіміз – біздің осы асыл мұраларымызды ұмытпай сақтап, келесі ұрпаққа жеткізу болып табылады. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біз үшін, Қазақстанның болашағын дамыту үшін осындай мектептер ашып жатыр.  Елбасы арқасында әрбір бала өзінің үлесін қоса алады деп ойлаймын», - деді Ә. Айтмұхамбетова.





Яндекс.Метрика