Халықаралық интеграция

ҚР ИЖТМ делегациясы Люксембургтағы ҒЗИ-ның метал бойынша жұмысымен танысты

Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Б.Канешев «Қазақстандық стандартизация және сертификаттау институты» МРК бірлесіп Люксембург қаласындағы «ArcelorMittal Tubular Products (АМТП)» метал бойынша ғылыми-зерттеу орталығына жұмыс сапармен барып қайтты.
Әлемде26 Ақпан , 09:45

Кездесу барысында олар  басқарушы директор А.Верммен және АМТП бөлім басшылары мен сарапшларымен кездесті. Ал,  АМТП қызметкерлері оның негізгі қызметі жайлы айтып берді, деп ИЖТМ хабарлады. 

Қазақстандық делегация АМТП миссиясы және  құрылымымен, сонымен қатар,  қазіргі іс жүзіндегі ұлттық және еуропалық техникалық органдарымен әріптестік жүйесімен танысты. Халықаралық стандарттау ұйымының (ИСО) техникалық комитетінің және стандарттарды жетілдірумен айналысатын Еуропалық стандарттау комитетінің  жұмысына атсалысу мәселелеріде назардан тыс қалмады.

Бұдан басқа, қонақтарға техникалық комитет жанынан жұмыс тобын құру бойынша процедуралар, зерттеу жұмыстары және құрылымы мен металдарды тестілеу,  техникалық комитеттердің ақпарат алмасу бойынша жүйелік базасы, метрология мен ақаутапқыш лабороториялары, металдың тотығу көрсеткішін анықтайтын сынама лабороторияда металды тестілеу көрсетілді.

Өз кезегінде Б.Қанешев,  АМТП Орталығына ұсқас Ақтауда дәнекерлеу жұмыстары бойынша Орталық ашу пайдалырақ деп атап өтті

Болат өндіретін және өңдейтін орталықтың пайда болуы Қазақстанда мұнай саласының инновациялық мүмкіндігін арттыруға мүмкіндік береді», - деді ол.

Қазақстандық делегат басшысы ҚР ИЖТМ Техникалық бақылау және метрология комитетінің «ArcelorMittal Tubular Products (АМТП)» ғылыми-сараптау орталығының тәжірибесін қолдануға қызығушылық танытып отыр. Сондай-ақ, мамандард орталықта оқыту да қарастырылған. 




Яндекс.Метрика