Энергияның балама көздерін дамыту

2020 жылға дейін Қазақстан ЖЭК секторына шамамен 2 млрд доллар инвестиция тартады – ҚОСРМ

«Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру аясында 2020 жылға дейін Қазақстан жаңартылмалы энергия көздері секторына шамамен 2 млрд доллар инвестиция тартады, деп мәлімдеді Қазақстанның Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі «Жасыл» технология және инвестиция тарту департаментінің директоры Айнұр Соспанова Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Астана қаласы 26 Ақпан, 09:54

«2014 жылы ЖЭК секторы бойынша инвесторларға түсінікті болатын толықтай өзіміздің жүйемізді құруға тырысамыз және жобаларды дамыту жоспарын да анықтаймыз. Яғни 2020 жылға дейін бізде 1850 мегаваттық орнатылған қуат жобасы болады деген сөз. Соның 1300 мегаваты жел электростанцияларынан, 500 мегават күн станциясынан, 50 мегаватт биогаз қондырғыларынан өндіріледі. Шағын су электростанциялары үшін бұл шамамен 300 мегават. Жоспар бойынша,2020 жылға дейін Қазақстан жаңартылмалы энергия көздері секторына шамамен 2 млрд доллар инвестиция тартамыз», - дейді А.Соспанова.

Оның айтуынша, 2014 жылға қазірдің өзінде баламалы қуат көздерінің тарифтері дайындалған.

«2014 жылға есептеген тарифтер шамамен былай: 9,5 еуроцент жел электростанцияларына, 14,5 еуроцент күн станцияларына, биогаз қондырғыларына 13,5 еуроцент, шағын су электростанцияларына 7 еуроценттен. Инвесторлардың бұл қызығушылығын тудырады деп үміттенеміз», - деп толықтырды департамент директоры.

 

 

 





Яндекс.Метрика