2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Астанада «Міндет, Абырой, Ерлік!» әскери-патриоттық форумы өтті

Астанада Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Міндет, Абырой, Ерлік!» деп аталатын алғашқы елордалық әскери патриоттық форум болып өтті.
Астана қаласы 26 Ақпан, 09:30

Форумды «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырып отыр.Жиынға ҚР Қарулы Күштері мерзімді қызметтің әскери қызметшілері, 10-11 сыныптардың оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері, әскери-патриоттық клубтардың мүшелері қатысты.

 «Бүгінгі күні біздің әрқайсымыз уақыт тезіне бағынып, Қазақстандық патриотизм ұлттың рухани өзегі, прогрессивті қоғамның қалпы екенін терең түсінуіміз керек. Жастар - болашақ Қазақстанның бастаушы күші, аға ұрпақтың лайықты ізбасары. Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, «Мәңгілік ел» - бұл біздің жалпықазақстандық үйіміздің ұлттық идеясы, ата-бабамыздың арманы», - ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары полковник М. Таласов деді.

ҚР Қорғаныс министрлігі форумға қатысушылар үшін 68665 әскери бөлімі құрметті қарауыл ротасының саптық іс-қимылдар әдіс-тәсілдерін көрсетіп, атыс қарулары мен әскери киім-кешек көрмесін ұйымдастырды.

ҚР Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі өз өнерлерін ұсынды. Форум қорытындысы бойынша жастарды әскери-патриоттық және Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуге ауқымды үлес қосып келе жатқан алғашқы әскери даярлық пәнінің оқытушылары ҚР Қорғаныс министрлігінің грамоталарымен наградталды.

 

 

 

 

 

 

 





Яндекс.Метрика