Адами капитал

Б. Байбек жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды

«Нұр Отан» партиясының Төрағасының бірінші орынбасары Б. Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды.
Павлодар25 Ақпан , 19:00

«Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметінде хабарлағандай, партия Көшбасшысының мүгедектерді қолдаудың жүйелік шаралары жөніндегі тапсырмасына сәйкес, «Нұр Отан» денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивтік білім алуға қол жетімділікті  алдыңғы кезекті міндеттердің бірі ретінде қойып отыр. Жұмыс сапары барысында ең алдымен «Самал» оңалту  орталығына ат басына тіреудің себебі де сондықтан.

«Доктринада  зияткерлік ұлт туралы айтқан болатынбыз,  мүгедектердің денсаулығына байланысты шектелген мүмкіндігі  қоғамның толыққұқықты бір мүшесі болуына кедергі болмауы тиіс. «Самал» оңалту орталығы» мен партия филиалының өзара тығыз қарым-қатынасы осы бағыттағы тиімді жұмыс істеудің үлгісіне айнала алады», –  деді сапар барысында Б. Байбек. 

Орталық Қазақстанның рекордтар кітабына реабилитациялық жұмыстарға тұңғыш рет «ғарыштық» кәстөмдер технологиясын пайдаланған орта ретінде кіріп отыр. Жұмыс жасап жатқан ширек уақыттан бері мұнда 4,5 мың бала ем-дом алып, 10 тәрбиеленуші реабилитация мен баулу үрдісінен кейін осында заңгер, есепші, психолог, ЭВМ операторы және т.б. есебінде жұмыс атқарып, қалып қалған. 

«Біз жыл сайын 5 мың мүгедек жанның жұмысқа тұрғызылуына қол жеткізуді көздеудеміз. Бүгінде мемлекет, азаматтық сектор, бизнес мүмкіндігі шектеулі жандарды белсенді әлеуметтік ортаға тарту мәселесін бірлесіп шешуі керек. Партия бұл үдерісті үйлестіруге барлық ресурстарын жұмсайтын болады. Партия доктринасында көрініс тапқан құндылық – ынтымақтастық дегеніміз осы», - деп атап өтті Б.Байбек.

 

 




Яндекс.Метрика