Инвестициялар

С.Ахметов ИЖТМ, МГМ мен «ҚазМұнайГазға» геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге инвестициялық қызығушылықты арттыру бойынша ұсыныс енгізуді тапсырды

ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметов Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Мұнай және газ министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-на геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге инвестициялық қызығушылықты арттыру бойынша ұсыныс енгізуді тапсырды.
Астана қаласы25 Ақпан , 18:30

«Мемлекет басшысы геологиялық барлау саласында Қазақстанның әлемдік деңгейге шығу қажеттілігін баса айтты. Оның айтуыша, көмірсутекті ресурс қазақстандық экономиканың жүйе қалыптастырушы элементі болып табылады. Бұл әсіпесе қазіргі таңда өте өзекті. Өйткені көптеген өндіріс орындары қазіргі таңда өздерінің өндірістік шыңдарына жетті. Мұнай кен орындарының жартысына жуығы, яғни 200-і өздерінің максималды өндіріс қуатына жетті», - деді Үкімет басшысы.

2013 жылы «ҚазМұнайгаз» геология-геофизикалық жүйелендіру мен сараптама жұмыстарын аяқтады. Жалпы, Қазақстан бойынша геологиялық барлаудың басым бағыттары анықталды. Аталмыш бағыттағы жұмыстар көмірсутекті шикізаттың өсімін 10 млн тонна мұнайға дейін жеткізді.

«Осыған қарамастан геологиялық барлау көлемін арттыру жұмыстары тұрақты түрде қызмет етуі керек. Соның ішінде барлау мен дайындау процестерінің тиімділігін арттыру қажет. Сонымен қатар замаануи геологиялық геофизикалық әдістерді қолдану қажет», - деп нақтылады.

Оның айтуынша, бұл жұмыстарды Каспий маңы ойпатының терең горизонтын барлауды іске асырумен сабақтастыру керек.

«Осы жұмыстарды өткізудің тиімділігін қамтамасыз ету үшін Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Мұнай және газ министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-на геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге инвестициялық қызығушылықты арттыру бойынша ұсыныс енгізуді тапсырамын», - деп бұйырды Үкімет басшысы.




Яндекс.Метрика