Өңірлер

2014 жылы ҚР-да АҚ бірқатары ЖШС болып қайта құрылады – С.Мыңбаев

2014 жылы Қазақстанда акционерлік қоғамдардың бірқатары жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып қайта құрылады. Бұл туралы бүгін ҚР Мұнай және газ министрлігінің алқа мәжілісінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлімдеді.
Казахстан25 Ақпан , 17:25

«2014 жылы акционерлік қоғамдардың бірқатары жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып қайта құрылады. Бұл бағыттағы жұмыстар қазірде басталып кетті. Тігінен интеграцияланған компанияларда бастысы – қатал орындаушылық тәртіп пен ұлттық компаниялар құрамына енетін барлық компаниялардың жоғарғы координациялануы. Осы тұрғыда біздің үлескер компаниялардың бірқатар директорлар кеңесі уақыт пен қаражат шығынына құлықтары болмай отыр.  Аталмыш шара барлық компанияға қатысты. Алайда бұл «ҚазТрансОйлға» қатысты емес», - деді С.Мыңбаев.

Сонымен қатар, оның айтуынша, АҚ формасын қор нарығына шығарылатын компаниялар сақтап қалмақ.

Қазақстандық қамту бойынша «ҚазМұнайГаң» компаниялар тобының сатып алудың жалпы көлемі 2013 жылы 1 трлн 259 млрд теңгені құрады.

Жергілікті сатып алу деңгейі 66% құрап, 833 млрд теңгеге жетті. Соның ішінде тауар бойынша, 339 млрд (67%), жұмыс пен қызмет бойынша 494 (66%). 2013 жылдың қорытындысы бойынша, «ҚазМұнайГаздың» үлескер компаниялары 384 млрд теңгеге ұзақмерзімді келісімшарт жасады.




Яндекс.Метрика