Өңірлер

ҚР-да 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап ішкі нарыққа мұнай жеткізілімі бойынша жүктеме артты - С.Мыңбаев

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ішкі нарыққа мұнай жеткізілімі бойынша жүктеме артты. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өткен кеңейтілген отырыста Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлім етті.
Казахстан25 Ақпан , 17:10

«Жалпы, жыл оңайға соқпайды. Ресейлік мұнайды баж салығысыз жеткізудің тоқтатылуына байланысты 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап ішкі нарыққа мұнай жеткізілімі бойынша жүктеме артады және бұл ҚМГ-дың  қаржылық көрсеткішіне де әсер етеді», - деді  Мыңбаев.

Елбасының халыққа Жолдауында берген тапсырмаларының екеуі  «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ тікелей баланысты. Олар мұнай мен газды өндірудің болжамды сценарийі бойынша терең зерттеу жүргізу және төртінші МӨЗ салу.

«Бірші тапсырма бойынша біз сол зерттеуді жүргіземіз, оның аясында жаһандық технологиялық трендтер, сұраныс пен ұсыныс факторлары, баламалы сценарийлер сарапталады.  Ал, төртінші МӨЗ құрылысы туралы айтатын болсақ сараптамалар мен қажетті материалдар дайын. Алайда, бұл оңай шешілер шаруа емес, біздің бірнеше нұсқамыз бар осыған орай арнайы кеңес өткізіп өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер», - деп ол Үкімет басшысына өтініш айтты. 




Яндекс.Метрика