Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

«ҚазМұнайГаз» барлық кәсіпкерліктердегі баламалы кәсіп қызметкерлерінің жалақы көлемін біркелкі етеді – С.Мыңбаев

«ҚазМұнайГаз» барлық кәсіпкерліктердегі баламалы кәсіп қызметкерлерінің жалақы көлемін біркелкі етеді. Бұл туралы бүгін ҚР Мұнай және газ министрлігінің алқа мәжілісінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлімдеді.
Астана қаласы25 Ақпан , 17:03

«Жалақы көлемінің теңсіздігін жою мақсатында 2013 жылы «ҚазМұнайГаз» Жалақы төлеудің бірыңғай жүйесін дайындады. Жалақы төледің бірыңғай жүйесін енгізу бірдей кәсіп иелерінің жалақысындағы әділдікті қамтамасыз етеді. Бірдей еңбекке бірдей жалақы төленуі керек», - дейді С.Мыңбаев.

Осы орайда «Мұнай мен газды барлау мен өндіру» бизнес бағыты бойынша қызметкерлердің анықтамасы мен жұмыскер кәсіпкерліктердің анықтамасы дайындалды.

«Сонымен қатар, біздің үлескер құрылымдарда «ҚазМұнайГаз» кәсіпкерліктер жүйесінің барлығында баламалы кәсіп қызметкерлерінің жалақы көлемін біркелкі ету ұғымы бар», - деді басқарма төрағасы.

С.Мыңбаевтың айтуынша, бұл бүгінгі таңдағы қызметкерлердің жалақы теңсіздігін жою мен еңбек ұжымында әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудың жалғыз ұтымды жолы.




Яндекс.Метрика