Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

«ҚазМұнайГаз» МӨЗ 2013 жылы 16 млн тоннадан астам мұнай өңдеді – С.Мыңбаев

«ҚазМұнайГаз» МӨЗ 2013 жылы 16 млн тоннадан астам мұнай өңдеді. Бұл туралы бүгін ҚР Мұнай және газ министрлігінің алқа мәжілісінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан25 Ақпан , 16:36

«ҚазМұнайГаздың» МӨЗ 2013 жылы 16 млн тоннадан астам мұнай өңдеді. Шымкент пен Павлодардағы МӨЗ қалпына келтіру жұмыстарына кірісіп, Атырау МӨЗ-да ароматы көмірқышқылын өндіру кешенінің құрылысы жобасын дайындауда. Ал Маңғыстау облысында битум өндірісі зауыты қолданысқа берілді. Газ тасымалы көлемі 110 млрд теңгеге жетті», - дейді С.Мыңбаев.

Жалпы, оның айтуынша, өткен жылы компаниялар тобы жоспарлы көрсеткіштердің көбіне қол жеткізген.

2013 жылдың қорытындысы бойынша, мұнай өндіру көлемі 22,6 млн тоннаны құрап, 2012 жылға қарағанда шамамен  6% өсімді көрсетті. Ал газ өндірісі 12% өсіп, 2,929 млрд текше метрге жетті.

«Негізгі өнімдерден түскен кіріс 10% артып, 3 трлн 257 млрд теңгені құрады. 2013 жылдың қорытындысы бойынша таза кіріс 24% өсіп, 456,8 млрд теңгеге жетті», - деп түйіндеді.

 




Яндекс.Метрика