Өңірлер

ҚР ИЖТМ мен «ҚазМырыш» геология саласында әріптестік меморандумын құрды

Бүгін Премьер-Министрі орынбасары – индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің ШҚО-на жұмыс сапары барысында ҚР ИЖТМ мен «ҚазМырыш» геология саласында әріптестік меморандумын құрды.
Шығыс Қазақстан25 Ақпан , 16:21

Меморандумға сай, «Қазмырыш» 5 жыл ішінде (2014-2018 аралығы) Қазақстан аумағына геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге кемінде 15 млрд теңге инвестиция салады. Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге бөлінетін инвестиция көлемі «Қазмырыштың» геологиялық барлау жұмыстарын атқаруда жер қойнауын пайдалану үшін жеткізу мерзіміне тәуелділігін өзгертеді.

Келісілген геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін ҚР ИЖТМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетімен бірігіп рудалы Алтай жерін пайдалану құқын беріп, жобаның міндеттемесіне сай жерді игеру туралы заңнама аясында керекті геологиялық ақпаратты алып береді.

Алдағы уақытта «ҚазМырыш» пен «Рио Тинто» арасындағы келісімге сай, геологиялық барлау жұмыстарына шамамен 30 млрд теңге құю қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, Ә.Исекешев өңірге жасаған жұмыс сапары барысында өндірістік нысандардың жұмысымен танысты.

«Облыс елдің металлургиялық орталықтарының бірі болып табылады. Соңғы кездері мұнда машина құрылысы саласы да қарқынды дамуда. Сонымен қатар экономикалық өсімнің жаңа көзі болуы мүмкін өзге секторлардың да әлеуетін зерттеп көру керек», - деді вице-премьер.

Ә.Исекешевтің айтуынша, облыс ҮИИД МБ белсенді түрде іске асырып отырған өңірлердің бірі. Өткен жылы өндірістік өнім көлемі 1 трлн теңгеге жетті. Соның 80%-ы өңдеуші өнеркәсіпке тиесілі.




Яндекс.Метрика