Парламент

Н.Нығматулин Мемлекет басшысына Парламент Мәжілісінің жұмысы туралы баяндады

Бүгін, 25 ақпан күні Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Мәжіліс төрағасы Н. Нығматулинді қабылдады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы25 Ақпан , 16:02

«Кездесуде Президент Жолдауын тиімді іске асыру және «Қазақстан – 2050» Стратегиясын құқықтық қамтамасыз ету үшін қажетті заң жобалары талқыланды», - делінген хабарламада.

Н.Нығматулин Мемлекет басшысын Парламент Мәжілісінің заңнамалық қызметі жөнінде хабардар етті, сондай-ақ Президент Жолдауын түсіндіру үшін депутаттардың өңірлерге сапарының қорытындысы туралы айтты.

Мәжіліс төрағасы парламентшілердің халықпен жалпы саны 1300-ден аса кездесуі өткенін, оған 140 мыңдай адам қатысқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, Н.Нығматулин V сайланымдағы Парламент жұмысы кезеңінде 255 заң жобасы қарау үшін қабылданғанын, оның 21-іне депутаттардың бастамашылық еткенін атап өтті. Сенатқа 183 заң жобасы жолданған, қазір оның 173-і заңға айналды. Бүгінде Мәжілістің заңнама қоржынында 60 заң жобасы қаралуда.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты міндеттер жүктеді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика