Өңірлер

Патриотизм барлық қазақстандық мәдениеттің негізіне айналуы тиіс – Астана қаласы мәслихатының депутаты В. Петрущак

Елбасы Жолдауында барлық қазақстандық мәдениет пен патриотизмнің даму сұрақтары қарастырылған, деп Астана қаласы мәслихатының депутаты В. Петрущак хабарлады.
Астана қаласы25 Ақпан , 15:28

«Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы – Президенттің халыққа қамқорлығын байқатады. Мен Жолдауда айтылған қазақстандық мәдениет пен патриотизм туралы айтқым келеді. Олар өзара байланысқан. Мен жоғары мәдениеттілік деп адам жанының тазалығын айтар едім. Жанның тазалығы мен ашықтығы азаматтылық пен патриотизм, елге деген махаббат болып есептеледі. Мәдениет пен  патриотизм қазақстандықтардың негізі болуы тиіс», - деді В. Петрущак.

Оның айтуынша, жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеу үшін бұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде телеарна, радио мен газет-журналдарды кеңінен қолдану керек.

«Бірқатар республикалық арналар эфирінен Мемлекет басшысының сөздерімен әлеуметтік роликтар сериясын берудің маңызы зор. Онда айтылған әр сөздің мазмұны қазақстандықтарға денсаулық, үлкенге құрмет, дәстүрлі отбасылық құндылықтар, еңбекке баулу мен ұлтаралық сыйластық ұғымдарын сіңіреді. «Бауыржан Момышұлы – қазақ халқының ұлы», «Күләш», «елбасы жолы» сынды фильмдерді насихаттау тек балаларды ғана емес, ересектерге де патриоттық рухты сіңіріп, Отан, мемлекеттің жетістігі мен мақтанышы, ел дамуы сынды құндылықтарға жаңаша қарауға тәрбиелейді. Осы арқылы халықтың болашақ алдындағы жауапкершілігі арта түспек», - дейді қалалық маслихат депутаты.




Яндекс.Метрика