Өңірлер

Петропавл қаласында «Қазақстан-2050» Стратегиясы - Н. Назарбаевтың қазақстандық жолы» интерактивті көрмесі өтті

Петропавл қаласы тұрғындарының назарына интерактивті әдістемені пайдалана отырып 2050 стратегиясына арналған көрме ұсынылды.
Солтүстік Қазақстан25 Ақпан , 13:40

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, солтүстікқазақстандықтар Елбасының Жолдауымен көрнекті танысып, Н.Назарбаевтың қызмет хроникасымен таныса алды. Көрмеге «Қазақстан жолы - 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» және «Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы» Президент қызметінің хроникасы» интерактивті стендтер қойылды.

Көрмеге қатысушылар назарына ҚР Президенті туралы 3D-фильм,  Назарбаев орталығы Баспа үйінің кітаптарының аудио-нұсқасы ұсынылды.

Бұдан басқа, ақпарат touch-үстел арқылы 3D-панорама «Көшбасшы биографиясы - мемлекет биографиясы» таратылды.

Іс-шараға 1 мыңнан астам солтүстікқазақстандықтар қатысты, олардың басым бөлігі студенттер мен мектеп оқышылары болды.

Интерактивті көрмені  Назарбаев Орталығы ұйымдастырды.

 




Яндекс.Метрика