Басқару

С.Ахметов министрлер кабинетіне «Doing Business» рейтингіндегі өзерістерді 2014 жылдың сәуір айына дейін дайындауды тапсырды

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр С.Ахметов министрлік кабинетіне «Doing Business» рейтингінде 2014 жылдың сәуір айына дейін өзгерістер жасауды тапсырды.
Астана қаласы25 Ақпан , 12:22

«Аталмыш шараны атқаруға қажетті барлық заңнамалық актілердегі өзгерістер дайын. Тактикалық түрде алдымен айқындап алу керек. Заң жобасының дайын екенін ескерсек, Премьер-Министр канцелерясына енгізіліп, Парламент Мәжілісіне тапсырылады», - деді Б.Жәмішев.  

Өз кезегінде ҚР Үкімет басшысы биылғы жылдың сәуір айына дейін «Doing Business» рейтингінде кешенді жоспармен сай индикаторларды өзгертуді жақсарту шараларын қолға алуды тапсырды.

«Демек, ол сәуір айында біздің жоспарлармен бірге қаралуы керек. Сол кезде олар «Doing Business»-пен байланысты барлық өзгерістермен қаралуы керек», - деді Үкімет басшысы.

Жалпы, оның айтуынша, көптеген жұмыстар атқарылған.

«Біз заңнамаға өзгерістер енгізілгені жайлы айтып өттік. Жалпы, біз 5 кодекске, 3 заңға, 11 заңнамалық актіге өзгерістер енгіземіз», - деді Үкімет басшысы.




Яндекс.Метрика