Басқару

ҚР ЭБЖМ экспорт пен импортқа қажетті рұқсат беру құжаттарының санын қысқартады

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі экспорт пен импортқа қажетті рұқсат беру құжаттарының санын қысқартады. Бұл туралы Үкімет отырысында ведомство басшысы Ерболат Досаев мәлімдеді.
Казахстан25 Ақпан , 11:45

«Экспорттық-импорттық операцияларға қажетті құжаттар санын қысқарту мақсатында (35-тармақ), Дүниежүзілік Банк есебінде көрсетілген 2 құжатты қысқарту ұсынылады», - деді Е.Досаев.

Е. Досаевтың айтуынша, Дүниежүзілік Банк есебіне сәйкес 2013 жылы экспортқа 10 құжат және импортқа 12 құжат талап етіледі.

«Осылайша, жоғарыда аталған шара экспортқа арналған құжаттар санын үшін 8-ге дейін және импортқа арналған құжаттар санын, тиісінше, 10-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді», - деді ведомство басшысы.

Бұдан басқа, Дүниежүзілік Банк сарапшыларымен халықаралық сауда саласындағы Қазақстан заңнамасымен көзделген талаптарды түсіндіру бойынша консультациялар өткізу ұсынылып отыр.

«Келесі, экспорт пен импорт шығындарын қысқарту мақсатында (36-тармақ), кепілдік берілген тапсымалдау көлемі кезінде жүктерді транзиттік тасымалдау тарифтерінің коэффициенттерін төмендетуге байланысы шаралар, сондай-ақ Ляньюньган қытай айлағынан ҚР-ға  тасымалдау кезінде теміржол көлігімен тасымалдауға бірыңғай тарифтерді қолдану туралы мәселені қытай тараптарымен пысықтау ұсынылады», - деді Е. Досаев.

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика