Инфрақұрылымды дамыту

Соңғы 4 жылда Қызылордада жолдың 70%-на жөндеу жүргізілген

Соңғы 4 жылда Қызылордада жолдың 70%-на жөндеу жүргізілген, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қызылорда05 Наурыз , 00:00

2008-2013 жылдар аралығында Арал маңының облыс орталығында жалпы ұзындығы 280 километр болатын 292 көшеге жөндеу жүргізілген. Бұл жұмыстарға 9,3 млрд теңге жұмсалды. Нәтижесінде, қала көшелері жетпіс пайызға жаңартылды. 

2013 жылы Қызылордада 43 көшеге және қалаға қарасты ауыл округтерінде 8 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 

Жаңа жоба – Қызылордадағы төрт жолақты айналма жолдың құрылысы да басталғалы отыр. Төрт жолақты айналма жол қаланы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистралімен тікелей байланыстырып, қаланың орталық көшелеріндегі автокөлік ағымын азайтуға мүмкіндік береді және қаланы су тасқынынан қорғайтын өзіндік бір бөгет болмақ. Айналма жолдың ортасында 205 гектар аумағында «Арай» жаңа шағын ауданын құру жоспарланып отыр.  




Яндекс.Метрика