Ұлттың денсаулығы

Ақмола облысында жүзу бассейні ашылады

Ағымдағы жылы Ақмола облысының Шортанды ауданында жаңа жүзу бассейні ашылады.
Ақмола25 Ақпан , 16:05

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, бассейннің құрылысына бюджеттен 345 млн. теңге бөлінді. Жаңа спорт нысандарының ашылуы спортпен үнемі айналысатын шортандылықтардың көбеюіне байланысты. Бүгінде жеті жарым мыңнан астам жергілікті азамат спортпен шұғылданады.

Қазіргі таңда, ауданда 79 спорттық нысан табысты жұмыс істеуде. Оның ішінде 4 хоккей корты, 46 футбол алаңы, 28 спортзал бар. Қысқы және жазғы спортакиада аясында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі   25 спорт түрі бойынша жарыстар өткізеді. Төртінші жыл қатарынан Шортанды ауылында жыл сайын ұлттық ойындар бәйге және көкпар бойынша ат спорты жарыстары өткізілетін ипподром жұмыс істеуде.

Айта кетерлік жайт,  жыл сайын облысты екі ірі спорт нысандарын салу жоспарланады. Мысалы, биыл Шортанды ауданында салынатын бассейннен басқа Жарқа ауданының Бұланды денешынықтыру-сауықтыру кешенінде бассейіннің құрылысы жүргізіледі.   Ал, 2019 жылдан бастап әр ауданда типтік спорт кешендері жұмыс істейтін болады.  




Яндекс.Метрика