Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ӨДМ Қытайдың Ляньюньган портынан жүк тасымалына бірыңғай тариф енгізу мәселесін қарастыруда – Б.Жәмішев

ҚР Өңірлік даму министрлігі Қытайдың Ляньюньган портынан жүк тасымалына бірыңғай тариф мәселесін қарастыруда. Бұл туралы Үкімет отырысында өңірлік даму министрі Болат Жәмішев мәлімдеді.
Астана қаласы25 Ақпан , 11:15

«Doing Business» рейтингінде «Халықаралық сауда» индикаторын жақсарту бойынша кешенді жоспар жобасы тарапынан Қытайдың Ляньюньган портынан ҚР-на транспорттау кезінде т/ж жүк тасымалына бірыңғай тариф енгізу туралы Қытай тарапымен мәселені дайындау қарастырылған», - дейді Б.Жәмішев.

Сонымен қатар, оның айтуынша, «Терминалды өңдеу есебі» мен «Тасымал есебі» құжаттарын қысқарту қарастырылып, кепілдендірілген тасымал көлемінде транзитті жүк тасымалы тарифінің коэффициентін төмендетілмек.

Бұдан бөлек атамыш индикаторға электронды декларациялауды енгізуге қатысты Кодекске өзгерістер енгізу қарастырылуда.

Айта кетейік, «Doing Business» рейтингінде 189 елдің ішінде 50-ыншы орынта тұрғанына қарамастан «Халықаралық сауда» (186), «Құрылысқа рұқсат беру» (145), «Электрмен қамту жүйесіне қосылу» (86), «Несие алу» көрсеткіштері бойынша төменгі орынға иеміз.




Дерекнама

Яндекс.Метрика