Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

СҚО-да ҮИИД МБ аясында 28 жоба жүзеге асырылды

Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 26,6 млрд. теңгеге 28 жоба жүзеге асырылды.
Солтүстік Қазақстан25 Ақпан , 10:36

«Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында мемлекеттің экономикасының дамуында «инновациялық индустрияландыруды» нығайтуға басымдық берді. 2010 жылдан бастап елімізде 2015 жылға дейін ел экономикасының дамуының басты бағыттарын анықтап беретін ҮИИД МБ жүзеге асырылып келеді. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруда  біздің облыстың шаруашылық жүргізуші субъектілері де атсалысты»,- деп СҚО әкімі Самат Ескендіров хабарлады.

Облыстық ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, бүгінде Индустрилизация картасына облыс бойынша 38 млрд. теңгенің 31 жобасы енгізілген. Оның  28 қазіргі таңда іске қосылып қойған. Жалпы, жобаларды жүзеге асыруда құрылыс жұмыстарына 1818 адам тартылса, нысандар пайдалануға берілген соң  1894 солтүстікқазақстандыққа тұрақты жұмыс орны ашылады.

Іске қосылған жобалардың ішінде Петропавлдағы ауыр машинақұрылысы зауытын атап өтуге болады. Ол энергетикалық қазандықтардың жабдықтарын жасайды және бұған дейін Қазақстанда мүндай зауыт болмаған. Сонымен қатар, «Молпродукт» ірі сүт зауытын назардан тыс қалдыруға болмайды. Ол сүт өнімдері мен құрамында шырыны бар сусындарды даярлайтын заманауи технологиялармен жабдықталған, оның өнімінің 30% экспортқа шығарылады.

Айта кетерлік жайт, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың төрт жылдық қорытындысы бойынша облыс экономикасында жақсы көрсеткіштер байқалады. Өнеркәсіптік өндірісте өсім тұрақтылығы қамтамасыз етіліп, жылына орташа есеппен 4-5% құрады. 2013 жылы өнеркәсіптік өнімдер 152 млрд. теңгеге өндірілді, 2012 салыстырғанда 5,1%-ға артты.  




Яндекс.Метрика