Білім беру

Елбасы тапсырмаларын орындау – үлкен жетістіктерді бағындыру - Ә. Күшірова

Елбасы тапсырмаларын орындау – үлкен жетістіктерді бағындыру, деп Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Әйгерім Күшірова Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.
Астана қаласы 25 Ақпан, 10:41

« «Мәңгілік ел» деген – ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ең маңызды мақсаттарының бірі. «Мәңгілік» деген сөз мен үшін ешқашан  жоғалмайтын деген мағынаны білдіреді. Және бұл сөз өткен ғасырларға, қазіргі кезге және болашаққа да қатысты. Егер біз өткен ғасырлар мен бүгінгі кездегі жағдайымызды салыстырсақ, онда біз өзіміздің дамуымызды және көптеген жетістіктерімізді көре аламыз. Сондықтан біз болашақта бұл жолдан қайтпай, тек алға ұмтылып, спорт, медицина және өзге де салаларда дамып, қазіргіден де жоғары жетістіктерге жетуіміз керек», - деді Ә. Күшірова.

Сондай-ақ, ол бұл мақсаттарға жету үшін тек бір топ қана емес, барлық қазақстандық болып осы  мақсатқа жету керек екендігін атап өтті.

«Себебі әрбір қазақстандық Қазақстанның бір-бір мүшесі болып келеді. Біз өз елімізге патриот болып, тәуелсіздігімізді ұстап тұруымыз керек. Осындай міндеттемелерімізді орындасақ, «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсатына жетеміз. Әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіре отырып біз «Мәңгілік Ел» бола аламыз», - деді оқушы.  





Яндекс.Метрика