Қалаларға шоғырлану

2014 жылы ҚР-да құрылыс саласында үш рәсімді қысқарту қарастырылған – Б.Жәмішев

Қазақстанда биыл құрылыс саласында заңнамалық және нормативті-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу арқылы үш тәртіпті қысқарту қарастырылған. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев мәлімдеді.
Астана қаласы25 Ақпан , 10:30

«Қазақстанда биыл құрылыс саласында заңнамалық және нормативті-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу арқылы үш  тәртіпті қысқарту қарастырылған. Біріншіден, экологиялық нормалар талабын төмендете отырып жобаларға экологиялық сараптама өткізу мен міндетті келісім талаптарын алып тастау», - дейді министр.

Сонымен қатар, оның айтуынша, категория бойынша жобалардың өндірістік қауіпсіздігінің сараптамасын өткізу мен міндетті келісім талабының күшін жою қарастырылған.

«Нысандардың жоғарғы деңгейлі қауіптілігін алып тастаудың жауапкершілік дәрежесін төмендетумен құрылыс нысандарына жобалау-сметалық құжаттамасының санитарлы-эпидемиялық сараптамасын өткізу бойынша құзіреттілігінің күші жойылмақ», - деп нақтылады.

Бұлармен қоса ведомствода 2013 жылы ескерілмеген Дүниежүзілік Банк реформасы сарапшылары іске араласады.




Дерекнама

Яндекс.Метрика