Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

«Doing Business» рейтингінің индикаторын жақсарту бойынша кешендік жоспарға 46 іс-шара енгізілді - Б.Жәмішев

«Doing Business» рейтингінің индикаторын жақсарту бойынша кешендік жоспарға 2014 жылға 11 индикатор аясында 46 іс-шара енгізілді. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев хабарлады.
Астана қаласы25 Ақпан , 10:21

«Осы рейтинг шеңберіндегі жұмыстың басты мақсаты индикатор бойынша орнымызды жақсарту емес, рейтингті пайдалану арқылы елімізде бизнестің дамуына кедергісін келтіріп отырған жайттарды анықтап, болдырмау. Осыны есепке ала отырып әр индикатор бизнес-процедуралар бойынша бөлшектелген, бірте-бірте жақсарту шаралары белгіленген және олар 11 индикатор аясында 46 іс-шарадан тұратын Жоспардың негізі ретінде алынған», - деді Б. Жәмішев.

Ведомство басшысы атап өткендей, Іс-шаралар жоспары 5 кодекске, 3 Заңға және 11 заң актілеріне өзгерту енгізуді көздейді.

Бұдан басқа, жоспарды жүзеге асыру аясында өзгертулер енгізу керек 19 нормативті - құқықтық актілердің тізімі жасалды.

«Бұл өзгертулер бірқатар процедураларды жеңілдетіп, кейбіреулерін алып тастауға мүмкіндік береді. Мысалы экологиялық, санитарлық-эпидимиологиялық, энергетикалық және  өндіріс қауіпсіздігі саласында», - деп Б. Жәмішев түсіндіріп өтті. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика