2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

СҚО-да «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қолдау акциясы өтті

Петропавлда «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қолдау мақсатында патриоттық эстафета форумы өтті.
Солтүстік Қазақстан25 Ақпан , 09:15

Облыстық ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, акцияға 508 адам қатысқан. Оның ішінде М.Қозыбаев атындағы СҚМУ мен колледж студенттері, ҚР ІІМ Ішкі әскер әскери институты курсанттары, аудан делегаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, жастар ұйымы жетекшілері қатысты.

«Мәңгiлiк Ел» бір жағынан тәуелсіздігімізді сақтайтын, екінші жағынан еліміздің әлемдегі алдыңғы қатарлы 30-дыққа енуіне серпін беретін қоғамның азаматтық қуатының бірігуіне негіз болуы керек», - дейді өңір басшысы Самат Ескендіров.

Облыс әкімі қатысушылардың барлығын патриоттық форумның ашылуымен құттықтап, Мемлекет басшысының қазақстандық жастарға ерекше көңіл бөлетінін айтып, олардың «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыруда белсенді ат салысуға шақырды.

Акция аясында «Мәңгілік Ел» тілек кітабы дайындалды. Оның беттеріне солтүстікқазақстандықтар ұлттық идеяны қолдап өз ойларын жаза алады. Айта кету керек, кітапқа алғаш болып пікір қалдырған ақын Олжас Сүлейменов пен қазақстандық кино өнерінің саңлағы Асанәлі Әшімов болды. Жасұландықтар көшбасшысы Рүстем Есенбергенов пен М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті Екатерина Жукова форумға қатысушылар атынан тілектерін жазды. Енді кітап эстафета заңдылығы бойынша Қызылорда облысына беріледі.




Дерекнама

Яндекс.Метрика