Инвестициялар

2014 жылғы Жолдау индустриалды-инновациялық дамуда жаңа перспективаларды ашады - А.Бетекбаев

Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» халыққа Жолдауы біздің алдымызда индустриалды-инновациялық дамуда жаңа белестер мен преспективаларды ашады, деп «Қазтомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі Азат Бетекбаев ағынан жарылды.
Астана қаласы25 Ақпан , 09:00

 «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауы саяси-экономикалық және қоғамдық-әлеуметтік жаңалықтарымен дамуға жаңаша серпін беретіндігімен ерекшеленіп отыр.  «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы біздің алдымызда индустриалды-инновациялық дамуда жаңа белестер мен преспективаларды ашады», - деді А. Бетекбаев.

Оның айтуынша, Қазақстан-2050» стратегиясынан туындайтын міндеттерді нақтылап берген құжат Қазақстанды әлемдегі барынша дамыған 30 елдің қатарына қосуды басты мақсат етуді белгілеп, оған жетудің нақты жолдарын көрсетеді. Бұл ретте Елбасы ғылымды дамытуға, инновациялық жобаларды өндіріске көптеп енгізуге, әлемнің озық технологияларын алып келуге басымдық берген.

«Уран өндірісі жөнінен әлемде көш бастап келе жатқан «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ да өз қызметін әртараптандырып, жоғары технологиялық инновациялық жобаларды батыл іске қосуда. 2010 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сай KazPV жобасы қолға алынды. Жобаның мақсаты -  Қазақстанда күн энергетикасын дамыту және шикізат өндіруден бастап, дайын өнім шығаруға дейінгі толық өндірістік тізбекті қамтуды көздейді. Жоба шеңберінде Алматы облысында отандық кварц өндіріледі, ол өндірістің күрделі циклынан өтіп қазақстандық күн панельдерінің негізін қалауда.  Француздың алдыңғы қатарлы технологиясына негізделген өндірістің өнімдеріне бүгінде ел аумағында емес, алыс-жақын шетелдерге де сұраныс түсіп жатыр. Бұл да болса елімізде инновациялық жобалардың сәтті қолданысқа енгізіліп, индустриалды дамудың жаңа сатысына көтеріліп жатқандығының айғағы», - деп Азат Бетекбаев  өз ойын түйді.

 

 

 




Яндекс.Метрика