Халықаралық интеграция

Британтық кәсіпкерлерге ҚР Президентінің Жолдауы таныстырылды

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы мен Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясы Лондонда таныстырылды, деп хабарлайды «Kazakh TV».
Әлемде 24 Ақпан, 20:05

Телеарнаның ресми сайтының хабарлауынша, Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігінің ұйымдастырған тұсаукесер рәсіміне 60-тан астам британдық компанияның өкілдері қатысты. Шараның басты тақырыбы қазақстандық экономикада британдық кәсіпкерлік үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын жобалар мен бағыттар болды.

Қазақстандық-Британдық іскерлік кеңестің жетекшісі сэр Дэвид Вуттонның айтуынша, форумның рекордтық деңгейіндегі қатысушылар саны Қазақстандағы бизнестің дамуы мен инвестициялауына британдық қауымдастық тарапынан қызығушылықтың жоғары екенін байқатты.

Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің қазақстандық өкілдігінің директоры Джанет Хекман қазақстандық экономиканың дамуына қаржылық институттарың белсенді қатысуын атап өтті. Оның айтуынша, әріптестіктің 20 жылында банк Республикаға шамамен 6 млрд доллар көлемінде инвестиция салған.

«ЕҚДБ-нің Қазақстандағы стратегиялық жоспары елдің 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын іске асырумен тікелей байланысты. Бірінші кезекте біздің инвестиция ұлттық экономиканы әртараптандыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен өңірлік жобаларға бағытталған. Менің пікірімше, бүгінгі тұсаукесер рәсімі Қазақстанға жаңа инвесторлардың көз салуына септігін тигізеді. Британдық капитал инфрақұрылым, автокөлік пен темір жолы, әуежай мен ЭКСПО-2017 құрылысына қатысатын болады», - дейді Джанет Хекман. 





Дерекнама

Яндекс.Метрика