Ұлттың денсаулығы

2014 жылы Ақтөбе облысында көпбейінді аурухана ашу жоспарлануда

Ақтөбе облысының облыс әкімдігінің базасында 2014 жылы көпбейінді аурухана ашу жоспарлануда.
Ақтөбе24 Ақпан , 18:00

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, есепті жылы жалпы құны 673,7 млн. теңгені құрайтын жоғары технологиялық құрал-жабдықтар сатылып алынды.

Саланың ресурстық қамтамасыз етілуінің жақсаруы, басқару технологиясын жетілдіру және медициналық көмекті ұйымдастыру позитивтік медициналық-демографиялық тенденцияларды қалыптастырып, тұрғындар денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің жақсаруына әсер етті.

Есеп беру жылында мемлекеттік «100 аурухана құрылысы» бағдарламасының шеңберінде облыстық 300 кереуеттік көпбейінді аурухана пайдалануға берілді, бұл әлемдік медицина техникаларын шығарушылардың соңғы заманауи талабына сай диагностикалық және емдеу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген.

Бұдан басқа «350 дәрігерлік амбулатория мен фельдшерлік акушерлік пункттер және 50 емхана құрылысы» бағдарламасы щеңберінде Шұбарқұдық елді мекенінде ауысымына 250 қабылдау жасайтын Темір аудандық емханасы, облыс орталығында ауысымына 500 қабылдау жасайтын қалалық емхана және жоғарғы даму потенциалы бар елді мекендерінде 9 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика