Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Қызылорда облысында мүгедектерді әлеуметтік қолдауды қаржыландыру 15 пайызға өсті

Қызылорда облысында ағымдағы жылы мүгедектерді әлеуметтік қолдауды қаржыландыру 15 пайызға өсті.
Қызылорда24 Ақпан , 18:10

«Биыл мүгедектерді оңалтуға, оларға әлеуметтік қолдау көрсетуге облыстық бюджеттен 238,3 миллион теңге қаржы бөлінді. «Жол картасы» аясында ағымдағы жылы 820 мүмкіндігі шектеулі жан санатория мен курортқа ем алуға жіберіледі», - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жазира Жылқышиева.

«1754 мүгедек кресло-арбалармен, таяқтармен, балдақтармен, жетек арбалармен қамтамасыз етілді. Бүгінде басқармаға қарасты мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелеріндегі 692 мемлекет қамқорындағыларға стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде.

«Жол картасы» аясында мүгедектердің білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 37,5 млн. теңге бөлініп, 79 нысанға пандус орнатылды. 




Яндекс.Метрика