Білім беру

Ақтөбе облысында инклюзивті білім беру 940 баланы қамтыды

234 жалпы білім беретін мектепте инклюзивті білім беруге жағдай жасалып, 940-тан астам мүмкіндігі шектеулі мектеп жасындағы бала қамтылған.
Ақтөбе24 Ақпан , 17:53

Айта кетейік, Елбасы Жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше көңіл бөлу қажеттілігі атап көрсетілді.

«Облыста мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы білім беру бағдарламаларымен қамту көрсеткіші 71,2% құрайды», - деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Осы санаттағы балаларды ерте анықтау, түзеу және оқыту үшін облыста 10 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, 2 психологиялық-медициналық-педагогогикалық кеңес, 1 оңалту орталығы, 4 арнайы білім беру ұйымы, коррекциялық типтегі 2 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды.

 




Яндекс.Метрика