Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен ШОБ дамыту

Қазақстанда ағымдағы жылы 13 млн га бидай себіледі

2013 жылы Қазақстанда 15,9 млн. га астық, оның ішінде бидай 3,0 млн. га алқапта себіледі, деп хабарлады Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков ҚР Үкіметі отырысында.
Казахстан02 Сәуір , 00:00

«Көктемгі егіс алқабы 18,6 млн. га құрайды. 15,9 млн. га астық, оның ішінде бидай 3,0 млн. га алқапта себіледі», - деді
 А.Мамытбеков.

 

 

 

 

 

<p text-align:justify;text-indent:1.0cm"="" style="margin: 0px 0px 25px; padding: 0px;">Облыстың алдын ала деректері бойынша республика бойынша 2013 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 21,4 млн. га алқапта орналастыру жоспарланды, бұл 2012 жыл деңгейімен шамалас. 
Сонымен қатар, 2012-2016 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша меморандумдар аясында басым дақылдардың алқабын кеңейту есебінен 2012 жылғы деңгеймен салыстырғанда бидай алқабының 468,0 мың га, күріш 5,7 мың га азайуы күтілуде.
«Мысалы, дәндік жүгері алқабы 5,6 мың га, басқа дәнді дақылдар алқабы 76,8 мың га ұлғаяды. Майлы дақылдар алқабы 2013 жылы 1,9 млн. га жетеді, бұл өткен жылғы деңгейден 43, мың га артық, мал азық дақылдар – 3,1 млн. га», -  деп толықтырды
министр.




Яндекс.Метрика