ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

2014 жылы Ақтөбе облысында 20 балабақша ашу жоспарланған

Ағымдағы жылы аймақта мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің 20 нысанын ашу жоспарланған.
Ақтөбе24 Ақпан , 17:46

«Жыл сайын қаржыландыру көлемін арттыруға қарамастан аймақта бала-бақша тапшылығы күн тәртібінен түсер емес. Кезекте 24 мыңнан астам бүлдіршін тұр. Осы мәселені шеші үшін 2014 жылы 2 470 орынға арналған 20 мектепке дейінгі мекемені ашу жоспарланған. Сонымен қатар, республикалық және облыстық бюджет есебінен балабақшалар құрылысы жүргізіледі, жеке меншік балабақшалармен шағын орталықтар ашуда көзделуде», - деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Сондай-ақ, 2013 жылы облыста  2 245 орынға арналған 23 балабақша ашылды, оның ішінде 310 орынға арналған 6 шағын-орталық бар.

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, қазіргі таңда кішкентай бүлдіршіндерді  балабақшамен қамтамасыз ету бойынша республика бойынша 5 орында. Ал, 1 жастан 6-қа дейінгі балаларды мектепке дейінгі мекемелерде орындармен қамтамасыз ету 63,3% құрады, бұл республикалық көрсеткіштен 14,9%-ға  жоғары.  




Яндекс.Метрика