Инвестициялар

ИЖТМ инвесторлармен ТШИ тарту бойынша жоспардың түзетілуін талқылады

Бүгін Астанада Премьер-Министр орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев шетел инвесторларымен кездесуде Инвестицияларды тарту бойынша ұлттық жоспар түзетімдерін талқылады.
Астана қаласы24 Ақпан , 17:45

Айта кетейік, тиісті тапсырма жуырдағы үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет Басшысымен  берілгенін еске түсіре кеткен жөн. Бір апта бұрын ИЖТМ шетел мемлекеттері елшілерімен кездесу өткізді. Дөңгелек үстел форматындағы бүгінгі іс-шараға шетел инвесторлары мен Қазақстанда шетел компанияларының атынан өкілдік ететін бірқатар іскерлік қауымдастықтар басшылары шақырылды. 

Ведомствода хабарлағандай, күн тәртібі екі мәселені талқылауды қамтыды: республикада инвестициялық климатты жақсарту және Қазақстанда инвестиция бойынша омбудсмен институтын енгізу мәселесі.

Өткен жылы Ә. Исекешев төрағалығымен шетел инвесторларының құқықтарын қорғау үшін шараларды әзірлеу бойынша Жұмыс тобы құрылғанын еске түсіре кеткен жөн. Инвесторларды қолдау орталығы құрылған Kaznex Invest жұмыс органы болып айқындалды. Жарты жыл ішінде Жұмыс тобы  Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторлардың 27 өтінімін қарастырды, бүгінгі күні оның 8 бойынша мәселелер шешілді. Жобаны іске асыру барысында инвесторлар көбінесе  жер мәселелері, салық салу, виза және жұмыс рұқсаты, сондай-ақ кедендік заңнамамен байланысты проблемалармен жиі кездеседі.

Шетел инвесторларының құқықтарын қорғау және даулы сұрақтарды сотқа дейінгі тәртіпте шешу, дүние жүзінде кең таралған тәжірибе және елдің инвестициялық климатын жақсартуда аса маңызды құрал екендігі жөнінде дөңгелек үстел қатысушылары бірыңғай пікір білдірді. Дегенмен, Қазақстанда инвестиция бойынша омбудсмен институтын елге енгізу және шетел инвесторлары құқықтарын қорғау бойынша біртұтас жүйені құру үшін құқықтық негізді жасау керек. Кездесу қатысушылары жұмысты жалғастыру үшін шетел инвесторларының өтініштерін қарастыру үшін үнемі жұмыс істейтін үкіметтік комиссияны құру туралы қорытындыға келді.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика