Өңірлер

Алматы облысындағы «Қайнар» аккумлятор зауыты өнімінің 70 пайызы шетелге экспортталады

«Қайнар» аккумлятор зауыты өнімінің 70 пайызы шет елге экспортталады.
Алматы24 Ақпан , 17:27

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, кәсіпорын бүгінде аккумлятордың 24 түрін шығарады. Ал өндіріс орнының жылына 3 млн. дана аккумлятор шығаруға қуаттылығы жетеді.

«Қайнар АКБ» ЖШС Құрылтайшысы Қуаныш Әжмағанбетовтың айтуынша, Қазақстанда шығарылған тауарға Ресей мен Белоруссияда сондай-ақ, Азия мемлекеттері мен балтық жағалауындағы елдерде сұраныс жоғары.

Бүгінде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы кәсіпорынның қайта жаңғыруына, өнімнің түрі мен көлемінің артуына өлшеусіз көмек беруде. Соның нәтижесінде бәсекеге қабілетті тауар өнімдері шығарылуда.

Тауарларының 70 пайызын Кеден Одағы арқылы экспорттайтын кәсіпорын алдағы уақытта өз өнімдерімен Еуропа нарығын да бағындыруды көздеуде. Өткен жылы «Қайнар» АКБ серіктестігі 1 млн. 200-ге жуық аккумлятор шығарса, биылғы меже 2 миллионға жеткізу.

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика