Білім беру

ҚР БҒМ аймақтарда жастардың қор орталықтарын ашады

Білім және ғылым министрлігі еліміздің барлық аймақтарында жастардың қор орталықтарын ашады. Бұл туралы Мәжілісте "ҚР Мемлекеттік жастар саясаты" туралы заң жобасын таныстыру барысында білім және ғылым вице-министрі Тәкір Балықбаев мәлім етті.
Казахстан24 Ақпан , 16:15

«Алғаш рет жастар мен жастардың ұйымдарына қолдау көрсету мақсатында  заңнамаға консультативті, ұйымдастыру және білім берумен қатар өзгеде қызметтерді көрсететін, жергілікті атқарушы билік органдары ашатын аймақтық жастар қорын құру бойынша жаңа норма енгізілді», - деді білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев.

Сонымен қатар, қазіргі таңда елімізде 225 әкімшілік - аймақтық орталықтар жүмыс істейді. Олардың 185 немесе 82% жастар қоры орталықтары болып табылады.

Оның үстіне, заңжобасында барлық деңгейдегі әкімдіктер, техникалық және кәсіби мен жоғары білімді ұйымдастыру бойынша жастар істері  комитетінің және жастар мүддесі бойынша клубтардың жанынан жастар істері бойынша кеңес құру қарастырылған.

«Бұдан басқа ҚР "Мемлекеттік жастар саясаты" туралы заңжобасының жастар саясаты бойынша саласына жастар арасында болып жатқан тенденцияларға мониторинг және диагностика жасау үшін алдыңғы қатардағы әдістемелер енгізіледі. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астана қаласында Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени дамыту комитетінің отырысында ҚР БҒМ  "ҚР Мемлекеттік жастар саясаты" туралы заңжобасын таныстырды және "ҚР еңбек кодексіне өзгертулер мен қосымша" енгізу туралы заңы да қаралды. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика