Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

ШҚО-да 2,3 млрд теңге инвестиция Қатон-Қарағайға бағытталды

Шығыс Қазақстан облысында Қатон-Қарағайдың туристік, энергетикалық және агробизнестік дамуына тартылған 2,3 млрд теңге инвестиция жаңа қарқын берді.
Шығыс Қазақстан24 Ақпан , 16:00

Қатон-Қарағай ауданы әкімдігі мен өңірден шыққан кәсіпкерлер арасындағы «Туған елге тарту» инвестициялық форумында экономикалық әріптестік туралы жеті меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы. Аталмыш қаражат мал шаруашылығы, туристік база құрылысы, шағын СЭС, мысты өлшеп орау цехына және Қаратай батыр ескерткішін салуға жұмсалады.

Форум өңір аумағында «жасыл» экономиканы дамыту мен өндірісі, агробизнес пен туризм саласындағы жобаларды іске асыруда ауданнын шыққан кәсіпкерлердің өңірге инвестиция тартуына ықпал етуін көздейді.

Қатон-Қарағайдағы кәсіпкерліктің дамуы үшін басым секторлар, аудан әкімі Дәурен Тілеубаевтың айтуынша, ауыл шаруашылығы мен туризм болып табылады. Ауданның өзге өңірлерден ең басты артықшылығының бірі – марал өсіру. Сонымен қатар жылына 370 тонна мыс шығаратын Қатон-Қарағай кен орны да ірі кәсіпорын көзі болып табылады.

Форумға қатысушылар өңір табиғатының инвестициялық қызығушылық тудыратынын бір ауыздан мәлімдеді. Өйткені ауданда атақты «Рахманов бұлағының», «Нұрбұлақ» демалыс орны мен өзге де сауықтандуры жерлерінің бар екені анық. Ең бастысы мұнда елдегі ең ірі ұлттық парк бар. Мұнда экологииялық туризмді дамыту жоспарланған.




Яндекс.Метрика