Адами капитал

«ҚР-дағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң жобасы бойынша инфрақұрылымды күшейту көзделген – Т.Балықбаев

Бүгін Астанада ҚР Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің отырысында «ҚР-дағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң жобасы мен «ҚР Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды.
Астана қаласы24 Ақпан , 15:50

«ҚР-дағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң жобасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 19-ыншы сессиясында және «Жас Отан» жастар қанатының 2-інші съезінің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасына сай дайындалды. Заң жобасының басты мақсаты алдағы уақыттаға ел дамуының әлеуетінің бағыты мен жастардың сәтті әлеуметтендірілуіне бағытталған жастар саясаты мен мемлекеттік модельді тиімді құрудағы заңнаманы жетілдіру», - дейді білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев.

Айта кету керек, құрылымдық заң жобасы 5 бөлім мен 29 тармақтан тұрады.

Жаңа заң жобасының ерекшелігі, вице-министрдің айтуынша, біріншіден, ерікті қызмет, жас маман секілді жаңа ұғымдардың енгізілуі болып табылады.

Екіншіден, жаңа заң жобасының редакциясы мемлекеттік жастар саясаты саласында жергілікті және орталық органдардың арасындағы құзіретті нақтылауды қарастырады.

Үшіншіден, жастар саясатын іске асырудағы жаңалықтар инфрақұрылымды құру мен күшейтуге бағытталған. Атап айтар болсақ олар – ресурстық орталықтар, аула клубтары, жастар ұйымы, жастар ісі комитеті және басқалар.




Яндекс.Метрика